Боқтық сөздері үшін алматылық сот алдында жауап берді
Алматыда әлеуметтік желіде жұртқа тіл тигізіп, балағат сөздер қолданған әйел сот алдында жауап берді. Ол 32 жастағы қала тұрғыны Айдана Амрина болып шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары Instagram желісіндегі жазбаны тексеріп, әдепсіз сөздердің авторын анықтаған.
Әйелге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сот оны кінәлі деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 тг) мөлшерінде айыппұл салды.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында да осындай жағдай болған. TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет жасаған 34 жастағы әйелге айыппұл салынған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
17:20
Боқтық сөздері үшін алматылық сот алдында жауап...
04.11.2026
16:54
Текеліде экскаватор 11 жастағы қызды қағып өлтірді
04.11.2026
16:03
Шымкентте спорт шеберін ұрлап өлтірген 6 адам с...
04.11.2026
15:21
«Әйел әлі тірі еді» Ақтөбедегі Неке сарайының б...
04.11.2026
14:59
«Салмақты мұра қалдырамыз»: Тоқаев «Халықтық құ...
04.11.2026
13:32
Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам жауапқа...