«Теңселіп, фонограммаға ілесе алмады»: Рэпер Qarakesek-тің түнгі клубтағы өнері елге жақпай қалды
Танымал отандық рэп орындаушы Омар Амантаевтың (Qarakesek) Ақтөбедегі түнгі клубтардың бірінде өнер көрсеткен видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
5 қыркүйек күні ұйымдастырылған кеште сахнаға шыққан рэпердің әрекеті жиналғандардың күдігін туғызған. Желіге тараған бейнежазбада оның қос капюшонды басына қабаттап киіп, бет-жүзін толықтай жауып алғаны көрінеді.
Сондай-ақ орындаушы «Сүйікті етші» хит әнін айту кезінде сахнада әрең теңселіп жүріп, фонограмма ырғағына ілесе алмай қалған. Тіпті көрермендерге арқасын беріп, теріс қарап ән шырқағаны көпшіліктің наразылығын тудырды.
Оқиға куәгерлері мен тыңдармандары өнер иесінің сахнадағы бұл қылығын түрліше бағалап, сыни пікірлер қалдыруда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...