Терроризм мен экстремизмге қатысы бар 19 адам сотталды
Еліміздің 9 өңірінде терроризмді насихаттады деген күдікпен 28 адам ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
2026 жылдың маусым-шілде айларында ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 19 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандардың бірі халықаралық террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде болған. Түркиядан Қазақстанға 2025 жылы депортацияланған ол 8 жылға сотталды.
Ал Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде терроризм идеологиясын насихаттап, зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, жедел-іздестіру шаралары барысында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен бірқатар облыстарда 28 адам ұсталды. Олар терроризмді насихаттау, діни араздық қоздыру және тыйым салынған материалдарды таратуға күдікті.
Қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар