«Титаник» жолаушысының хаты 205 миллион теңгеге сатылды

«Титаник» жолаушысының хаты 205 миллион теңгеге сатылды
28.04.2025 14:43
0
80
Henry Aldridge & Son Ltd

«Титаник» кемесіндегі апаттан тірі қалған жолаушының жазған хаты аукционда 300 мың стерлингке (шамамен 205 миллион теңгеге) сатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл тарихи хатты бірінші класс жолаушысы, полковник Арчибальд Грейси 1912 жылдың 10 сәуірінде жазған. Дәл сол күні әйгілі «Титаник» лайнері өзінің алғашқы әрі соңғы сапарына аттанған болатын.

Грейси өз хатында кеменің ауқымына таңданысын жасырмай отырып: "Бұл – керемет кеме, алайда мен сапардың аяқталғанын күтемін, сосын ғана өз бағамды беремін", – деп жазған. Аукционды ұйымдастырған Henry Aldridge and Son of Devizes өкілдерінің айтуынша, хат бастапқы бағасынан бес есе қымбатқа сатылған.

Апаттан аман қалған Арчибальд Грейси кейіннен «Титаник туралы бүкіл шындық» атты кітап жазып, лайнер туралы нақты деректерді тарихқа қалдырды. Оның бұл хаты «Титаник» трагедиясына қатысты сақталған ең құнды жәдігерлердің бірі ретінде бағаланып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий