Тоқаев Киевте журналист Садықовқа жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді
280
Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды politico.kz
"Елімізде Заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни барлық салада, ең алдымен, Заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қазақстанда Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет. Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді", – деді Президент.18 маусымда БАҚ Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасалғанын хабарлады. Украина Ұлттық полициясының мәліметінше, белгісіз біреу Ярмола көшесінде тұрақта тұрған көлікке жақындап, ішінде отырған ер адамға оқ атқан, содан кейін қашып кеткен. Жәбірленушінің қасында отырған әйел зардап шеккен жоқ. Зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды. Киев полициясы адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Соңғы жаңалықтар
25.08.2026
23:09
Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт ...
25.08.2026
22:38
Тоқаев пен Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлес...
25.08.2026
21:38
Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының ...
25.08.2026
20:43
Құрбысы: Күйеуі Мадинаның алтындары мен "айфоны...
25.08.2026
20:36
Астанада декреттегі әйел жалдамалы пәтерден ірі...
25.08.2026
19:45
Мадинаның құрбысы: Енесі «Келін бізге сор болды...