«Тоғыз ән арнадым»: Құрмаш Махан қосылмай қалған алғашқы махаббаты туралы айтты

«Тоғыз ән арнадым»: Құрмаш Махан қосылмай қалған алғашқы махаббаты туралы айтты
20.10.2025 09:03
0
154
әлеуметтік желі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі композитор Құрмаш Махан өз шығармашылығына шабыт берген ару туралы сыр шертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесінің айтуынша, ол кезінде бір қызға арнап тоғыз ән жазған.

«Бір қызға тоғыз ән арнадым. Сол қыздың көңілін табу үшін тек ән арнамай, тауды да қопардым. Мен ән де жазамын, сахнаны да бағындырамын, басқа да нәрселерді істей аламын дегенді көрсетуге тырыстым», — дейді Құрмаш Махан.

Әншінің сөзінше, барлық туындының авторы өзі емес. Мысалы, «Армандаймын адам боп жаралғасын» әнінің композиторы — Бағлан Омаров, ал сөзін ақын Әмзе Қалмырзаұлы жазған. Ал «Жан сырым» әнінің авторы — Жолбарыс Сейфуллин.

«Мен үйленіп, ол тұрмысқа шыққаннан кейін біз араласқан жоқпыз. Оның керегі де жоқ болды. Мен үшін ол — естелік», — деп ағынан жарылды әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий