Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

13.09.2026 09:13 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
581
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында отбасының қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызына тоқталды.

Президенттің айтуынша, отбасы – қоғамның негізгі тірегі әрі ұлттың бірегейлігі қалыптасатын маңызды орта. Ата-ананың тәрбиесі, аға буынның өнегесі мен ұлттық дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халықтың рухани құндылықтарын нығайтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияда неке мен отбасы, ана мен әке, сондай-ақ балалық шақ мемлекеттің қорғауында екені бекітілгенін атап өтті. Негізгі заң балалардың құқықтарын, әйелдер мен аналардың отбасындағы жағдайын қорғауды күшейтеді. Сондай-ақ Конституцияда алғаш рет неке заңға сәйкес тіркелген ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқылы одағы екені көрсетілген.

Биыл Қазақстанда Отбасы құқықтары жөніндегі уәкіл институты да құрылды.

Мемлекет басшысы жауапты ата-ана болуды қолдау мен балалардың толыққанды дамуына жағдай жасаудың елдің адами әлеуетін арттыру үшін маңызды екенін айтты. Оның пікірінше, Отанға деген сүйіспеншілік, заңды құрметтеу, табиғатты қорғау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау сияқты құндылықтар ең алдымен отбасында қалыптасады.

Президент барлық қазақстандықтарға денсаулық, амандық және әр шаңыраққа береке мен жайлылық тіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий