Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты

17.04.2026 20:40 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
190
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда өтіп жатқан Анталия дипломатиялық форумының ресми ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Салтанатты жиында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөз сөйлеп, форумның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтті.

Форум жұмысына бірқатар мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдері қатысты. Олардың қатарында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, Молдова Президенті Майя Санду және басқа да бірқатар елдердің басшылары бар. Сондай-ақ Сирия, Бурунди, Конго Демократиялық Республикасы, Босния және Герцеговина, Грузия сынды мемлекеттердің делегация жетекшілері де форумға қатысуда.

Анталия дипломатиялық форумы жыл сайын өтетін маңызды халықаралық алаң. Бұл жиын әлем елдерінің саяси көшбасшылары, дипломаттары, сарапшылары, бизнес және медиа өкілдері арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Форум аясында екіжақты және көпжақты келіссөздер жүргізіліп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өтеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий