Щучинскте құдықтан аққан “қанды су” елді алаңдатты (ВИДЕО)

17.04.2026 18:58 Қарақат АСЫЛОВА
    Щучинскте құдықтан аққан “қанды су” елді алаңдатты (ВИДЕО)
275
Видеодан кадр

Ақмола облысының Щучинск қаласында жұртты алаңдатқан жағдай тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қазылған құдықтан жағымсыз иісі бар сұйықтық ағып жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, бұған дейін дәл осы жерге жылқы құлап кеткен. Оқиға орнында қайта қазба жұмыстары жүргізілген. Бейнежазбада құдық ашылып, ішінен лайланған су шығып жатқаны байқалады. Кейбір кадрларда сұйықтықта қанға ұқсас белгілер бар екені, айналаға өткір иіс таралғаны айтылған.

Мамандар мұндай көрініс құдық ішінде жануар қалдықтарының болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Егер расында өлексенің қалдықтары қалған болса, тазарту мен залалсыздандыру жүргізілмеген жағдайда, бұл инфекция таралуына әкелуі ықтимал. Сондай-ақ топырақ пен жер асты суларына зиян келуі мүмкін.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жұмыстар санитарлық талаптарды сақтамай жүргізілген. Аумақ қоршалмаған, залалсыздандыру шаралары жасалмаған және тұрғындарға алдын ала ескерту берілмеген.

Ақмола облысының экология департаменті бұл деректі растады. Ведомство мәліметінше, өлген жануарды құдыққа көму заңға қайшы. Мұндай әрекеттер экологиялық талаптарды өрескел бұзу болып саналады және су көздерінің ластануына әкелуі мүмкін.

Қазір бұл жағдай бойынша тексеру жүріп жатыр. Жергілікті әкімдік заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Ал кінәлілерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий