Алматыда екі автобус соқтығысты: Бірнеше жолаушы жарақат алды

17.04.2026 • 20:15 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда екі автобус соқтығысты: Бірнеше жолаушы жарақат алды
1145
Видеодан кадр
Алматыда №15 пен №66 автобустар соқтығысып, жолаушылар зардап шекті

Алматы қаласында екі жолаушы автобусы қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Оқиға бүгін шамамен сағат 12:00-де Әуезов ауданында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, №15 бағыттағы автобус Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, №66 автобуспен соқтығысқан. Екінші автобус сол сәтте Жандосов көшесіне солға бұрылып, жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған.

Жол апаты салдарынан бірнеше жолаушы медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендердің нақты жағдайы туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий