Тоқаев Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Бангладеш халқына құттықтау жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президенті Мохаммад Шахабуддин Чуппуға және Бангладеш халқына ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай арнайы құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстан Президенті өз құттықтауында екі ел арасындағы қарым-қатынас достық пен өзара түсіністікке негізделгенін, бұл байланыстың болашақта да екі халықтың игілігі үшін дами беретініне сенімді екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппуға жауапты қызметінде табыс, ал Бангладеш халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.
Қазақстан мен Бангладеш арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар өзара құрмет пен сенімге негізделген. Екі ел халықаралық алаңдарда да ынтымақтастық орнатқан.
Айта кетейік, Бангладеш жыл сайын 26 наурызда Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Бұл мереке елдің Пәкістаннан бөлініп, тәуелсіз мемлекет болған тарихи оқиғасына орайластырылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...