«Бүгін 54 жасқа толар еді»: Марқұм актер Мұрат Бисембиннің қызы желіде жан сырын ақтарды

14.10.2026 • 17:11 Мөлдір ҚАЙНАР
«Бүгін 54 жасқа толар еді»: Марқұм актер Мұрат Бисембиннің қызы желіде жан сырын ақтарды
77
Фото: Instagram/ jemappelledali

Көпшілікке «Рэкетир» фильмі арқылы танылған марқұм актер Мұрат Бисембиннің қызы әкесінің туған күнінде жүрекжарды жазба жариялап, жан сырымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол жақынынан айырылғаннан кейінгі күйзелісі мен сағынышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін болмағанын жеткізді. Оқырмандары одан өмірді қалай жалғастырып кеткенін жиі сұрағанымен, бұл кезеңнің өте ауыр өткенін жасырмады.

«Салауатты өмір салтын ұстануға соншалықты мән беретін, сауатты да ақылды адамның өмірден осылай ерте, осыншалықты тез өтетіні үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді. Әкем көз алдымызда біртіндеп сөніп бара жатты. Мұны мен тек қазір ғана түсініп отырмын. Өйткені сол кезде бәріміз жақсы нәтижеге сендік. Оның жазылып кететініне үміттеніп, сол күнді армандап өмір сүрдік», — деп жазды ол.

Сондай-ақ марқұмның қызы әлі күнге дейін әкесінің суреттеріне қарауға, салған картиналарын көруге және видеолары мен дауысын тыңдауға жүрегі дауаламайтынын ашық айтты.

«Бүгін әкем 54 жасқа толар еді. Жаны тыныштық тапты, ал тәні азап пен ауырсынудан арылды деп үміттенемін. Мен әкемнің қызымыздың дүниеге келгенін көргенін қатты қаладым. Оның өмір сүріп, күресуіне тағы бір себеп болса екен дедім. Бірақ өмір басқаша шешті… Өздеріңізді және жақындарыңызды аялап жүріңіздер», — деп түйіндеді марқұм актердің перзенті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий