Тоқаев халықаралық турнирде үздік шыққан сарбаздарды құттықтады

12.02.2026 10:31 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев халықаралық турнирде үздік шыққан сарбаздарды құттықтады
158
Фото: Sputnik Казахстан
Тоқаев Дубайдағы UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубай қаласында өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық командаларды құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Беделді турнир қорытындысы бойынша Kazakhstan C командасы абсолютті жеңімпаз атанса, Kazakhstan A құрамасы жалпы есепте екінші орынды иеленді.

Президент өз құттықтауында Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған командалардың кәсіби шеберлігі, физикалық және жауынгерлік даярлығы, сондай-ақ отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сонымен қатар сарбаздардың табандылығы мен жеңіске деген ерік-жігері ерекше бағаланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 48 елден 109 команда қатысқан халықаралық додада Қазақстан намысын абыроймен қорғаған арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін жеткізді.

Айта кетейік, UAE SWAT Challenge – әлемнің үздік арнайы бөлімшелері бас қосатын беделді халықаралық жарыстардың бірі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий