Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

06.07.2026 11:03 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады
247
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 86 жасқа толған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Politico.kz.

Президент өз сөзінде Назарбаевтың заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалап, елдің экономикалық әлеуетін нығайтудағы және халықаралық аренадағы беделін арттырудағы тарихи миссиясын ерекше атап өткен.

"Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды. «Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді», делінген құттықтауда. Мемлекет басшысы Тұңғыш Президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді. Бұл атаулы күн Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген.

Войдите, чтобы оставить комментарий