Тоқаев Өзбекстанға ресми сапармен келді
921
Президентті Өзбекстан Премьер-министрі қарсы алды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін Өзбекстанның Самарқанд қаласына келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов ресми түрде қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақ елдерінің және Еуропалық Одақтың жетекшілерімен екіжақты кездесулері, сондай-ақ климаттық өзгерістерге қарсы күрес жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шараларға қатысуы жоспарланған.
Президенттің бұл сапары Орталық Азия мен Еуропа Одағы арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытудың және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешудің маңыздылығын көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар
07.08.2026
15:53
Бекболат Тілеуханның 6 жылға сотталған күйеу ба...
07.08.2026
15:10
Грант иегерлерінің тізімі жарияланды
07.08.2026
14:56
Тойда уағыз айтып істі болған ақсақалдың қызы Т...
07.08.2026
14:25
Алматы облысында Болат Назарбаевтың 14 баласына...
07.08.2026
13:55
Мұратжан Мұсайбеков Атырау мұнай өңдеу зауытыны...
07.08.2026
13:31
«Нұрайға 6-7 рет қана пышақ сұқтым»: Сөзінен ай...