Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады
1284
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында биатлоннан жеңімпаз атанған қазақстандық спортшы Ербол Хамитовты құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Президент спортшының табанды еңбек пен мықты ерік-жігерінің арқасында қиын жолды еңсеріп, үлкен жетістікке жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл – шынайы құрметке лайық нәтиже.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болған Ербол Хамитов бұған дейін шаңғы жарысынан да Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға алдағы уақытта да жарқын жеңістер, қажымас қайрат пен зор денсаулық тіледі.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
10:04
Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қ...
15.09.2026
09:23
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық...
15.09.2026
09:06
«Шәйіне дәрі қосып»: Қызылордада жаттықтырушы о...
15.09.2026
08:11
ҚҚДИ сауалнамасына қатысқандардың 86,7%-ы Прези...
15.09.2026
07:35
Семейде 15 шақты пышақ жарақатын алған оқушы ам...
15.09.2026
06:43
Ақбаян Мұқанғалиева емдеу орталығынан шыққан со...