Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Астанада Путиннің мемлекеттік сапары жоспарланып отыр
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Politico.kz.
Әңгіме барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде Қазақстан Президенті Мәскеуде өткен Жеңістің 81 жылдығына арналған іс-шаралар кезінде көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар тараптар алдағы уақытта Астанада өтетін Ресей Президентінің мемлекеттік сапарына дайындық мәселелерін талқылады. Сапар аясында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтетіні жоспарланып отыр.
Кремльдің хабарлауынша, екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылға қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...