ДДҰ Эболаға байланысты халықаралық төтенше жағдай жариялады
Африкада Эбола вирусы қайта өршіп, алаңдаушылық күшейді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Африкада Эбола вирусының қайта өршуіне байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Атап айтқанда, Конго Демократиялық Республикасының Итури провинциясында аурудың жаңа ошағы тіркеліп, 246 күдікті жағдай мен 80-ге жуық өлім фактісі анықталған. Бұл өңір қазіргі таңда эпидемияның негізгі таралу аймағына айналып отыр.
Сонымен қатар вирус Угандаға да жеткені хабарланды. Ел астанасында зертханалық түрде расталған екі жағдай тіркелген, олардың бірі өліммен аяқталған.
ДДҰ мамандары қазіргі жағдайдың нақты ауқымы әлі толық анықталмағанын, бірақ эпидемияның таралу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр. Дегенмен, әзірге жағдай пандемия деңгейіне жетпегені айтылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...