Тоқаев Путинге ерекше сыйлық табыстады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыға жұмыс сапары аясында Ресей Президенті Владимир Путинге символдық сыйлық табыстады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы Ресей көшбасшысына қазақтың ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартқан.
Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысуда. Сапар барысында екі ел президенттерінің кездесуі өтті.
Форумның пленарлық отырысынан кейін мемлекет басшыларына сауда және логистика саласындағы бірқатар цифрлық жобалар таныстырылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...