Тоқаев Путинге ризашылығын білдірді

25.09.2026 • 09:09 Әсел МҰРАТ
Тоқаев Путинге ризашылығын білдірді
280
Фото: ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті.
Путин Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Тоқаевқа көңіл айтты

«Қаза тапқан әскерилердің туған-туыстарына қайғыра көңіл айтып, қолдау білдіретінімді жеткізуіңізді сұраймын. Ресей олардың қайғысы мен қасіретіне ортақтасады», – делінген жеделхатта.

Ақтауда 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 әскери суға кеткен. 

Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Ақтаудағы трагедияға байланысты Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Каспийдегі трагедия қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша тергеліп жатыр

Бұл туралы үкіметтік комиссия отырысында айтылды.

Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал кеме жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген.

Войдите, чтобы оставить комментарий