Allur, QazTehna, Agromash зауыттары қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қолдау көрсетпек

25.09.2026 • 00:28 Қанат АЙБАР
Allur, QazTehna, Agromash зауыттары қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қолдау көрсетпек
154
Фото: allur.kz

Қостанай мен Сарандағы Allur, QazTehna және Agromash зауыттары Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсететінін хабарлады, деп жазады Politico.kz.

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Андрей Лаврентьев әр отбасына 25 миллион теңгеден қаржылай көмек беретінін мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте әскери оқу-жаттығу кезінде болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Лаврентьев әріптестерімен бірге қайғыға душар болған отбасыларға көмектесуді азаматтық парызы санайтынын жеткізді.

«Халқымыз қашанда қиын-қыстау кезеңде бір-біріне сүйеу болып, қолдау көрсеткен. Осындай ауыр сәтте біз де әріптестерімізбен бірге қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қол ұшын созуды азаматтық парызымыз деп санаймыз», деді ол.

Машина жасау кәсіпорындары қаза тапқан әскерилердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Войдите, чтобы оставить комментарий