Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады
1033
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида-2» ғарыш миссиясының табысты орындалуына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы өз хатында бұл миссияны адамзаттың соңғы жарты ғасырдан кейінгі Айға жасаған алғашқы сапары ретінде бағалап, оның тарихи маңызға ие екенін атап өтті.
Президент сондай-ақ АҚШ-тың ғылым мен технология саласындағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, бұл жетістік әлем ғалымдары, инженерлері мен зерттеушілерінің жаңа буынына үлкен серпін беретінін айтты.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы өзге де бастамаларды жүзеге асыруда табыс тіледі. Аталған миссия ғарышты игеру бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, ғылыми зерттеулердің жаңа кезеңіне жол ашатыны күтілуде.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...