Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалап, 25 млн теңге талап еткен бойжеткен ұсталды
Жетісу облысында қыз жігітімен айырылысқан соң, жеке деректерін таратамын деп қорқытып, ақша бопасалаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық полицияның хабарлауынша, олар шамамен төрт ай кездескен. Айрылысқаннан кейін қыз жігіттің қарым-қатынас кезінде өзімен бөліскен жеке мәліметтерін жариялаймын деп қорқытқан.
Ол 25 млн теңге талап етіп, бермесе бұл мәліметтерді әлеуметтік желіге жариялайтынын айтып қорқытқан.
Жігіт мұндай ақшасы жоқ екенін айтқанымен, қыз қысымды тоқтатпай, бопсалауын жалғастырған.
Амалы таусылған жігіт 200 мың теңге аударып, кейін полицияға жүгінген.
Қазір бұл іс аса ірі көлемдегі бопсалау бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.11.2026
17:14
Сағат 16:00-дегі нәтиже: ОСК жаңа мәліметті жар...
29.11.2026
16:09
Қарағанды облысында жоғалып кеткен әйел шөп қор...
29.11.2026
14:55
Қазақстанда мәслихат сайлауына қатысқандар саны...
29.11.2026
14:23
Тоқаев мәслихат сайлауында дауыс берді
29.11.2026
13:32
ҰҚК 60 жастағы шетелдік әйелді іздеуге жариялады
29.11.2026
12:36
32 тонна есірткі, 14 мың банк картасы: Қазақста...