Тоқаев Венесуэладағы зілзалаға байланысты көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен жүздеген адамның қаза табуына байланысты ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.
"Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", — делінген жеделхатта.
Айта кетейік, АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметіне сүйенсек, бұл соңғы 126 жылдағы ең апатты зілзалалардың бірі болып саналады және онда 39 секунд айырмашылықпен қуаты 7.2 және 7.5 магнитудалы қос дүмпу тіркелген. Мемлекеттік телеарна эфирінде денсаулық сақтау министрі Карлос Альварадо табиғи апат салдарынан 235 адам көз жұмып, 4300-ден астам тұрғын түрлі жарақат алғанын ресми түрде растады.
Соңғы жаңалықтар