Тоқаевқа Бавария Премьер-министрі ерекше сыйлық тарту етті

30.09.2026 • 20:07 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаевқа Бавария Премьер-министрі ерекше сыйлық тарту етті
465
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Германияға ресми сапары барысында мюнхендік «Бавария» футбол клубының арнайы жейдесі сыйға тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Президенттің есімі жазылған жейдеге клуб ойыншылары қол қойған.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Баварияға шақырып, қонақжайлық танытқаны үшін оған алғыс білдірді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Бавария арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Президент Баварияның технологиялық жетістіктері мен Қазақстанның ресурстық және өнеркәсіптік әлеуетін ұштастыруға мүмкіндік мол екенін атап өтті.

Сапар аясында Қазақстан мен Германия арасында жалпы сомасы шамамен 2 млрд доллар болатын 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылғаны хабарланды.

Войдите, чтобы оставить комментарий