Қазақстан төрешілер шешіміне келіспеді: Сабырхан мен Богданованың жекпе-жегіне қатысты дау шықты

30.09.2026 • 23:27 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстан төрешілер шешіміне келіспеді: Сабырхан мен Богданованың жекпе-жегіне қатысты дау шықты
388
Ашық дереккөз

Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарының жартылай финалында Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданованың жекпе-жектеріндегі төрешілер шешіміне байланысты World Boxing ұйымына ресми наразылық жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстандық қос боксшы да жартылай финалда төрешілердің 2:3 есебіндегі шешімімен қарсыластарына жол беріп, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.

55 келіге дейінгі салмақта екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, филиппиндік Карло Пааламмен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысында төрешілер жеңісті Пааламға берді.

Ал 75 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Наталья Богданова үндістандық Ловлина Боргохайнмен жұдырықтасты. Бұл кездесуде де жеңімпаз үш раундтан кейін төрешілердің бөлек шешімімен анықталып, 3:2 есебімен үндістандық спортшы басым түсті.

Қазақстан бокс федерациясы екі жекпе-жектің нәтижесіне қатысты World Boxing ұйымына наразылық білдіргенін мәлімдеді. Алайда федерация төрешілікке қатысты нақты қандай талаптар қойылғанын әзірге жариялаған жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий