«Тоқаевқа жасаған таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев саяси реформалар туралы пікір білдірді

15.03.2026 14:27 Қарақат АСЫЛОВА
«Тоқаевқа жасаған таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев саяси реформалар туралы пікір білдірді
321
Назарбаев Тоқаевқа қатысты ұстанымын тағы бір мәрте айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткен республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Дауыс бергеннен кейін ол елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы өз пікірін айтып, Мемлекет басшысы өкілеттігінен жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Тұңғыш Президенттің сөзінше, уақыт өткен сайын буын алмасып, әр ұрпақ Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Ол өз буыны тәуелсіздікті жариялап, мемлекеттік шекараны бекітіп, елорданы тұрғызу арқылы тарихи міндетін орындады деп есептейтінін айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезеңде Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның халықаралық беделін арттыру маңызды екенін атап өтті. Осы ретте ол бүгінгі референдумның маңызы зор екенін айтып, оны қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев кандидатурасын қолдағанын және бұл таңдауы өзгермейтінін мәлімдеді. Тұңғыш Президент қабылданатын Конституция ел игілігіне қызмет етіп, халықтың бірлігі мен берекесін арттырады деген сенім білдірді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий