Тоқтар Серіков: Мейрамбекпен құда болғым келмейді

02.11.2025 09:32 Берік Арманов
Тоқтар Серіков: Мейрамбекпен құда болғым келмейді
0
679

Әнші Тоқтар Серіков Жетінші арнадағы «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында досы Мейрамбек Бесбаевпен неліктен құда болғысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Ертеңгі күні менің ұлым мен оның қызы көңіл жарастырып, құда боламыз деп жатса, мен күйзеліске түсіп қалуым мүмкін. Себебі Мейрамбегімді ешқандай жамандыққа қимаймын, жан дүниемнің жартысы секілді болып кеткен. Ол маған туыс болып кету керек сияқты. Оның баласына өз баламдай қараймын», - дейді өнер иесі.

Ол әнші Сәкен Майғазиев те балалық шақтан бірге келе жатқан досы екенін атап өтті.

«Ертең біздің балаларымыздың арасында сондай сезім пайда болса, әрине, қуаныштымыз, бірақ мүмкін емес нәрсе секілді, ондай дүниеге қимаймын. Ет жақыным, ағайыным болып кеткен. Олар үшін отқа түсуге бармын. Қазақша айтқанда, жауға да, дауға да бермеймін. Бірақ құда болғым келмейді, ертең болмайтын нәрсеге ренжісіп қалуымыз мүмкін. Дүниедегі ең қиыны сол. Сондықтан достармен дос болып қалғым келеді», - деп түйіндеді Тоқтар Серіков.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий