Төрт баласын дихлофоспен улап өлтірген әке түрмеге қамалмайтын болды

Төрт баласын дихлофоспен улап өлтірген әке түрмеге қамалмайтын болды
09.09.2025 11:54
0
449
ашық дереккөз

Краснояр өлкесінің прокуратурасы таратқан мәліметке сәйкес, төрт баласы дихлофосдан улану салдарынан қаза тапқан отбасының әкесі екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысы барысында қорғаушы сотталушыны толық ақтауды сұрап, ер адамның инсектицидті қолдану салдары мұншалықты ауыр боларын алдын ала болжай алмағанын алға тартты. Сондай-ақ, адвокат сараптамалардың дәлдігіне күмән келтірді. Өз кезегінде айыпталушы соттан кешірім сұрап, жеңіл жаза қолдануды өтінді.

Сот азаматты абайсызда адам өліміне себепкер болды деп танып, оған үш жыл сынақ мерзімімен екі жыл шартты жаза тағайындады.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Красная Сопка елді мекенінде орын алған. Тергеу деректеріне сәйкес, әке үйде дихлофос қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Инсектицид буынан төрт бала — 6, 11 және 12 жастағы үш қыз және 13 жастағы ұл бала — қаза тапты. Уланудан тек ата-анасы аман қалды. Белгілі болғандай, оқиға кезінде анасы жүктіліктің тоғызыншы айында болған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий