«Төрт жыл бұрын үйленген екен»: Айдана Меденова жолдасы туралы құпияны ашты

18.02.2026 17:03 Мөлдір Талғат
«Төрт жыл бұрын үйленген екен»: Айдана Меденова жолдасы туралы құпияны ашты
946
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Айдана Меденова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі жұбайының бұрынғы некесінің бұзылуына өзінің еш қатысы жоқ екенін нақты жеткізді.

«Мен Алишермен танысқанда ол бойдақ еді, өзімен-өзі жүрген жігіт болды. Төрт жыл бұрын үйленген екен, бірақ айырылысып кеткен. Сол кезде оның екі баласы бар екенін білдім. Әрине, менде де сұрақтар болды: “Қалай болады? Керек пе, керек емес пе?” деп ойландым. Сосын әкеме хабарласып, бәрін ашық айттым. “Осындай жігіт бар. Ой-ниеті салмақты, өзіме ұнайды. Жақсы адам. Бірақ екі баласы бар” дедім. Әкем: “Ұнатып тұрсаң, неге болмасқа? Неге тұрмысқа шықпасқа?” деді», – деп еске алды әнші.

Айдананың айтуынша, қазіргі таңда олардың отбасы арақатынасы сыйластыққа негізделген.

«Маған Алла солай нәсіп етті. Ата-енем де, күйеуімнің бірінші жары да өте парасатты, саналы адамдар. Ешқандай интрига жоқ. Бәріне шүкір деймін. Алишердің бірінші жұбайымен де араласып тұрамыз», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий