"Төсектің басынан тұз шықты": Жігер Ауыпбаев алғашқы некесінің бұзылу себебін айтты

22.07.2026 11:22 Мөлдір ҚАЙНАР
241
Фото: Stan.kz

"Меломен" тобының экс-солисі Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты ел білмейтін сырды ашып, алғашқы некесінің бұзылуына не себеп болғанын баяндады, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

"Уақыт көрсетеді" бағдарламасында сұхбат берген әнші ажырасу туралы шешім екі тараптың ортақ келісімімен қабылданғанын және заңды түрде ажырасқандарына төрт жыл болғанын жеткізді. Өнер иесі бұрынғы жары Замираны жақсы ана ретінде бағалап, отбасын сақтап қалу үшін бірнеше рет қадам жасағанын атап өтті.

"Арамызда отбасылық түсініспеушіліктер болды. Ортамызда төрт баламыз бар, заңды түрде ажырасқанымызға төрт жылдай болды. Жолдасым Замира — өте керемет адам, төрт баланы өте жақсы тәрбиелеп отыр. Бұл менің ғана таңдауым болған жоқ. Мен екі-үш жарым жылдай күттім, арамызды жарастыруға тырыстық. Ең соңында сыныптастарымның басын қосып, Замираны шақырдым. Бір-бірімізден кешірім сұрап, қайта қосылуға бел байладық. Үйге көшіп келдім, бірақ арада бір апта өтпей, ол қайтадан кететінін айтты", – деді Жігер Ауыпбаев.

Сондай-ақ әнші отбасының ыдырауына үшінші тұлғалардың араласуы мен сиқырдың да қатысы болуы мүмкін екенін меңзеп, үйінен күмәнді заттар тапқанын жасырмады.

"Біз бір-бірімізді жақсы көреміз, сағынамыз, бірақ кездесе қалсақ, бір-бірімізге атыла кететін сияқтымыз. Кейіннен жалғыз тұрып жүргенімде, үйдің ішінен түрлі-түрлі нәрселер тауып алдым: төсегімнің бас жағынан себілген тұздар, пердеге тығылған инелер, паластың астына шашылған зираттың топырағы сияқты заттар шықты. Келіншегімнің қызғаншақтығы бар еді. Біздің отбасылық бақытымызды көре алмаған адамдардың сиқырлап жасаған арам ойы іске асты ма деп ойлаймын...", – деп түйіндеді сөзін өнер иесі.

Войдите, чтобы оставить комментарий