Той үстіндегі жанжал: ер адам бишіні көпшілік көзінше залдан қуып шықты

19.01.2026 13:02 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Той үстіндегі жанжал: ер адам бишіні көпшілік көзінше залдан қуып шықты
0
96
Коллаж: Politico.kz

Той үстінде болған күтпеген жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Шығыс биін билеп жүрген биші қыздың видеосы көпшіліктің назарын аударып, қоғамда әртүрлі пікір туғызды.

Биші қыздың айтуынша, ол мейрамханада қонақтар алдында өнер көрсетіп жатқан сәтте белгісіз ер адам келіп, қолынан жұлқып, залдан шығарып жіберген. Оқиға барысын ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео арқылы көрсетті.

Кадрлардан бишінің сахнаға шығып, биін бастағанын, ал арада біраз уақыт өткенде ер адамның оны көпшілік көзінше сыртқа қарай алып кеткенін байқауға болады. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды.

Пікір білдірушілер екіге бөлінді. Бірі ер адамның әрекетін дөрекілік әрі заңсыз деп бағаласа, енді бірі бишінің таңдаған киімі мен орындаған биін той форматымен үйлеспейді деп сынға алды.

«Тойда билейтін би емес», «Елдің бәрі кет деу керек еді», «Намыстанғаны ғой, қазақы ортаға жатпайды» деген сынды пікірлер қатар жазылып жатыр.

Оқиға қоғамда той мәдениеті, өнер көрсету әдебі және жеке шекара мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий