Тойда орысша тілек айтқан Тамара Асардың күйеуі сынға қалды

Тойда орысша тілек айтқан Тамара Асардың күйеуі сынға қалды
Фото: Видеодан скрин

Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Әділеттің тойына барған Тамара Асар мен күйеуі сынға қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әншінің күйеуі Жұмаш Бекмырза тойда орысша тілек айтқан.

«Адайлық қыздар өте керемет болады. Түсініктері мол, салт-дәстүрге берік. Айтар сөзім жоқ, тағы да құттықтаймын!» – деді ол.

Алайда желі қолданушылары оны қатаң сынға алды.

«Қазағыма қазағым орысша тілек айтып тұр ма?», «Орысша сандырақтады», «Сонша мақтаған әйелің қазақ тілін үйретпеген бе?», - деп жазды олар.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу