Трамп Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға шақырды

19.01.2026 11:48 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Трамп Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға шақырды
0
253
Фото: Ақорда. Суретте: Дональд Трамп пен Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанға ұйымның құрылтайшыларының бірі болу ұсынылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты. Оның айтуынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды. Сонымен қатар Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болу ұсынылды. 

«Мемлекет басшыларының бірқатар мәлімдемесінен кейін АҚШ президенті Дональд Трамптан келген осындай ресми үндеуді жасыру дұрыс болмас еді. Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың алғашқыларының бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге, ал Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болуға ресми шақырту алды. Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылысын растады», - деді Руслан Желдібай.

Еске сала кетейік, Трамп Газадағы бейбітшілік жөніндегі кеңесті құру туралы өткен жылдың желтоқсан айында жариялаған болатын. Оның айтуынша, төрағасы өзі болады деп күтіліп отырған бұл орган «аңызға айналатын» құрылымға айналады.

«Кеңес құрамына негізінен әлемдегі ең ықпалды мемлекет басшылары кіреді», — деді Трамп. 

Сондай-ақ ол көптеген елдің көшбасшылары бұл бастамаға қатысуға ниет білдіріп отырғанын атап өтті.

Трамптың сөзінше, бастапқыда кеңес мүшелері мемлекет басшылары емес, тек «ерекше беделге ие тұлғалар» болады деп жоспарланған еді.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий