"Туа бермеші!": Бауырларына қараудан шаршаған қыздың жанайқайы

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қазақстандықтардың назарын аударды. Видеода жасөспірім қыз көз жасын тыя алмай, анасынан тууды доғаруды өтінген сәті көрсетілген. «Туа бермеші болды!» деген сөзімен есте қалған бейне бір тәулікте 3,6 миллионнан астам қаралым жинап, кең талқыға себеп болды.
Жасөспірім қыз демалысты ауылда өткізуді армандайтынын айтқанымен, басты өтініші Туа бермеші болып отыр. Оның айтуынша, жазғы уақытын ойын-сауықпен емес, бауырларына қараумен өткізуге мәжбүр. Видео кадрында жанында отырған кішкентай інісі де жылап отырғаны байқалады.
Желі қолданушылары бұл оқиғаға бей-жай қарамады. Пікірлерде ата-аналардың жауапкершілігі, балалардың өз құқықтары және тұңғыш балаларға артылатын шамадан тыс міндет мәселесі кеңінен талқыланды. Көпшілік қызға қолдау білдіріп, «Әр баланың балалық шағы болуы тиіс» деген пікірді алға тартты.
Маман пікірінше, бұл жағдай – көпбалалы отбасыларда жиі кездесетін, бірақ жиі айтылмайтын әлеуметтік мәселені көрсетеді. Ата-аналық міндеттің үлкен балаларға жүктелуі, олардың психологиялық және эмоционалдық жай-күйіне әсер етеді.
Соңғы жаңалықтар





