"Туксон сатып алдым": «Ақжайық» қорының иесі су тасқынына жиналған ақшаның есебінен көлік алған

15.09.2025 17:34
0
330
Тілекқабыл Имашев. Сурет: Ақмарал ШАЯХМЕТОВА

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке ақша жинаған «Ақжайық» қорының иесі Тілекқабыл Имашев демеушілік ақшаны депозитке салып, одан түскен сыйақыға Hyundai Tucson көлігін сатып алғанын мойындады, деп хабарлайды «Орал апталығы» басылымы.

Батыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде миллиардтаған теңге жинаған «Ақжайық» қайырымдылық қорының қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеуге қайырымдылыққа жиналған қаражатты мақсатсыз жұмсау туралы түскен арыздар негіз болған

2024 жылғы су тасқыны кезінде БҚО әкімдігі «Ақжайық» қорының есепшотын жариялап, ірі компаниялардың қайырымдылық көмегін соған бағыттаған. Қорда жалпы сомасы 73,5 млрд теңге жиналған.

Бұл қаражаттың негізгі бөлігін KPO (31,8 млрд), Еуразиялық банк (17,7 млрд), Jusan (5,7 млрд) сияқты ірі компаниялар аударған.

«Орал апталығы» тілшісі қор иесінен қайырымдылық қорына көлік сатып алудың қажеттілігі туралы сұрағанда, Имашев ашумен жауап берген.

«Туксон сатып алдым, онда тұрған не бар? Бізге көлік құралы қажет болды. Мұның Сізге қандай қатысы бар? Неге менен сұрайсың? Бұл менің жеке қорым! Бұл депозиттен алынған меншікті қаражат. Мен оларды таптым», – деген ол.

Тілші қордың су тасқынынан басқа ешқандай қызмет жүргізбегенін айтып, ақшаны қайдан тапқанын сұрағанда, Имашев қайырымдылық ақшасының депозитке салынғанын мойындады.

«Қайырымдылықтар депозитте болды. Біз пайыз таптық. Мен 218 миллион көмек көрсеттім. Иә, пайыздардан. Неліктен сіз маған осы сұрақтарды қоясыз?!» – деп ашуланды Имашев.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий