Түлкібаста екі жасар бүлдіршін дәретханаға құлап, көз жұмды
Түркістан облысының Түлкібас ауданында 22 шілде күні екі жасар бүлдіршін ауладағы әжетханаға құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Басылым мәліметінше, 2024 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын әжетханаға құлап кеткен. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер жеткенімен, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.
"Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел медициналық жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының күштері жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен баланың денесі сыртқа шығарылды", – деп хабарлады Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...