Түнде әлемде не болды - 21 наурыз

Түнде әлемде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Украина келіссөз үшін Сауд Арабиясына делегация жібереді
Украина президенті Владимир Зеленский украиналық сарапшылар дүйсенбі күні Сауд Арабиясында өтетін келіссөзге қатысатынын мәлімдеді.
«Келіссөздерге сарапшылар қатысады. Бастапқыда Украина мен АҚШ арасында кездесу өтеді. Содан кейін АҚШ делегациясы Ресей тарапының өкілдерімен жеке кездесіп, арада дипломатиялық байланыс орнатады», – деді Зеленский Норвегия премьер-министрімен бірлескен баспасөз мәслихатында.
Трамп білім беру жүйесіне радикалды өзгеріс енгізбек
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Білім министрлігін тарату туралы жарлыққа қол қойды. CNN мәліметінше, Трамп бұл шешімді оқушылардың білім деңгейінің төмендігімен және қаржының тиімсіз жұмсалуымен байланыстырды. Оның айтуынша, ендігі жерде білім саласындағы жауапкершілік штаттардың жергілікті басқару органдарына жүктеледі.
НАТО қорғаныс әлеуетін арттыруды көздейді
НАТО Еуропа елдері мен Канададан әскери техниканың қорын шамамен 30 пайызға арттыруды сұрап отыр. Бұл туралы Bloomberg ақпарат агенттігі Альянс өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
ЕО-да бірлік жетіспейді, Венгрия шешімдерді бұғаттауда.
Еуроодақ саммитінде Украинаға қатысты бірлескен шешімді Венгрия тағы да бұғаттады. Euractiv мәліметінше, құжатты 26 ел қолдағанымен, Будапешттің қарсылығы келісімді қабылдауға мүмкіндік бермеді.
НАСА астронавттарға артық жұмыс үшін ақы төлемегені әшкере болды
New York Times жариялаған дерекке сүйенсек, НАСА 286 күн Халықаралық ғарыш станциясында болған астронавттарға артық жұмыс үшін ақы төлемеген. Алғашында олар бір апта болуға тиіс болған.
Соңғы жаңалықтар





