Түркістан облысында 5 жасар қыздың бетін ит қауып алды

22.05.2026 20:23 Қарақат АСЫЛОВА
Түркістан облысында 5 жасар қыздың бетін ит қауып алды
242
Сауран ауданында иттердің шабуылы жиілеп барады

Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ойын ойнап жүрген 5 жасар қыз балаға аулада жүрген ит кенеттен шабуыл жасаған. Салдарынан бала ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның бет тұсына терең тістеу іздері түскенін, шұғыл ота жасалғанын хабарлады. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланғанымен, алдағы уақытта ұзақ мерзімді пластикалық операциялар қажет болатыны айтылды.

Полиция оқиғаға байланысты иттің иесін анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта бұл аумақта қаңғыбас немесе агрессивті иттердің адамдарға шабуыл жасау деректері жиілеген.

Сауран ауданында иттерді аулау және залалсыздандыру жұмыстарына биыл шамамен 6,5 млн теңге бөлініп, жыл басынан бері ондаған қаңғыбас ит ұсталған.

Войдите, чтобы оставить комментарий