“Өмір бойы құжатсыз жүрген”: Қордайлық азамат 42 жасында жеке куәлікке қол жеткізді
Жамбыл облысында 42 жаста алғаш рет жеке куәлік алған азаматтың оқиғасы көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қордай ауданында өмір сүрген Самат Жанеков осы уақытқа дейін құжатсыз өмір сүріп келген. Ер адам жылдар бойы тауда мал бағып, тұрақты баспанасыз күн кешкен. Құжаттарының болмауына байланысты ол медициналық көмек, әлеуметтік қызметтер секілді негізгі азаматтық құқықтарды пайдалана алмаған.
Саматтың жағдайына Қордай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі назар аударған. Полицейлер архивтік деректерді көтеріп, жеке мәліметтерін тексеріп, қажетті сұраныстар жолдап, толық құжат жинауға көмектескен. Әр кезеңде оған барлық рәсімдер түсіндіріліп отырған.
20 мамыр күні 42 жастағы азамат өмірінде алғаш рет Қазақстан Республикасының жеке куәлігін қолына алды. Самат Жанеков бұл күнді “жаңа өмірдің бастауы” деп атап, өзіне көмектескен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Соңғы жаңалықтар