Түркістан облысында мектеп оқушысын зорлаған 71 жастағы ер адамға үкім шықты

24.02.2026 12:38 Мөлдір Талғат
Түркістан облысында мектеп оқушысын зорлаған  71 жастағы ер адамға үкім шықты
4204
Фото: коллаж politico.kz

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық соты 71 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол 15 жастағы кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған.

Жәбірленуші мен сотталушы көрші тұрған. Қыздың анасы Астанаға, әкесі қарауыл болып зиратқа кеткенде үйіне ұрланып кірген. Қыз бала үйінде сіңлісімен ғана қалған екен. Сөйтіп, туысын қорлайды. Алғашқы күні жасаған азғындығын ол үш күн қатарынан жалғастырады. Соңында жеткіншек жүкті болып қалған”, – дейді Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 120-бабы (16 жасқа толмағанды зорлау) және 149-бабы (тұрғын үйге заңсыз кіру) бойынша кінәлі деп таныды. Ер адам 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ оған өмір бойына педагогика саласында және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Іс жабық режимде қаралды. Белгілі болғандай, жәбірленуші 2025 жылдың қаңтарында бала туған. Қылмыстық іс қоғамда резонанс тудырған болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий