Түркістанда оқушыны көлік қағып кетті
Түркістанда оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жолды жүгіріп кесіп өтпек болған баланы бір көлік тоқтап өткізгенімен, жылдамдықпен келе жатқан екінші көлік қағып кетті.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бала дереу ауруханаға жеткізілді.
«Баланың алған жарақаттарына байланысты жағдайы ауыр. Емдеу іс-шаралары бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізілуде», - деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқушыны «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі қаққан. Оқиғаға байланысты тергеу басталып, барлық мән-жайлар анықталуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.10.2026
22:39
Абай облысындағы арнаулы орталықта ерекше балал...
19.10.2026
21:50
Қазақстан Pinduoduo мен Claude әзірлеушісінен 8...
19.10.2026
20:02
Оңтүстік Кореяда көлікке зақым келтіріп, жүргіз...
19.10.2026
17:42
Тоқаев Қорғаныс министрлігінің шығыны мен әскер...
19.10.2026
17:23
Ерекше балаларды қорлап, зорлық көрсеткен: Абай...
19.10.2026
17:11
«Бала үшін отбасын сақтау – қиял»: Дана Нұржігі...