Түрмеде отырған Мұхамедиұлының тағы бір былығы шықты

05.06.2026 10:05 Әсел МҰРАТ
Түрмеде отырған Мұхамедиұлының тағы бір былығы шықты
472
Фото: ашық дереккөз

Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақ энциклопедиясын» меншіктеп алған. Оның иелігінде болған «Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Прокуратура «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесін мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен мемлекетке қайтарғанын хабарлады.

«2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесі жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылған, жеке заңды тұлғамен заңсыз жекешелендірілген (Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат). Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген», – делінген хабарламада.

Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылады.

Войдите, чтобы оставить комментарий