Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзін жамандағандарды сотқа бермек пе?

29.12.2025 12:16 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзін жамандағандарды сотқа бермек пе?
0
257
Фото: коллаж sn.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты халық әлі де талқылап жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Әсіресе оның екінші жары Айманға бағытталған сын-пікірлер мен ауыр айыптаулар қөп. Осы жағдайға байланысты Қабатовтың жұбайы өзіне қарсы жазылған пікірлерге үн қатып, заң аясында жауап беретінін мәлімдеді.

Желіде Айманға қарсы пікір қалдырған қолданушылардың бірі оны қатты сынға алып, жеке басына тиісетін жазба жариялаған. Онда: «…бес баланың бақытын быт-шытын шығарған адам қалай бақытты болады… бес баланың көз жасы жібермейді… ақшаға бола тиген ғой…» — деген сарындағы ауыр сөздер жазылған.

Бұл пікірге жауап ретінде Айман әлеуметтік желідегі парақшасында ашық реакция білдірді. Ол өзін айыптаған жандардың жазбаларын жариялап, сотқа жүгінетінін аңғартты.

«Ауыздарына ақ ет кіріп, көк ит шығатын, ақ жаулықты апа деп айтуға келмейтін, Құдай болып кеткен құдағи сымақтардың әдемі фотосын салып отырамын. Таныс болыңыздар. Адвокатыма жалақы болдыңыздар», — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында жаңа пікірталас туғызып, қоғам пікірін тағы да екіге бөлді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий