«Уәде – аманат»: Әбдіжаппар Әлқожа Нұрлан имамға қымбат сыйлық табыстады
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа танымал дін қайраткері Нұрлан Байжігітұлымен бірге түскен видеосын жариялап, бір жыл бұрын берген уәдесін орындағанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz
Желіде тараған видеода өнер иесінің Нұрлан имамға iPhone маркалы қымбат ұялы телефон сыйлағанын байқауға болады. Әншінің айтуынша, бұл — алдын ала уәде етілген сыйлық.
«Халық алдында берілген уәде орындалып жатыр. Біз үшін ең бастысы — көңіл», — деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.
Өз кезегінде Нұрлан имам көрсетілген құрмет пен ықыласқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Бұл әрекет желі қолданушыларының да көңілінен шығып, оқырмандар жылы пікірлерін жарыса жазып жатыр.
«Жарайсың, Әбдіжаппар», «Алла тағалам осы пейіліңе берсін», «Бәрекелді! Міне, азамат», «Жақсылық жасап, сыйлық жасаған дұрыс қой», «Пейілің мен құрметіңнен айналдым» деген мазмұндағы пікірлер көптеп қалдырды.
Желі қолданушылары өнер иесінің уәдеге берік, ниеті түзу екенін атап өтіп, бұл әрекетті көпке үлгі боларлық іс ретінде бағалады.
Соңғы жаңалықтар