ҰБТ-дан 140 балл жинаған Тараздық түлекке пәтер, көлік немесе 50 млн теңге берілмек
1702
ҰБТ-дан максималды ұпай алған Нұрғанатқа суперсыйлық ұсынылды
Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Нұрғанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуде мүмкін болған 140 баллдың барлығын жинап, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Айта кетейік, Нұрғанат бұған дейін де «XXI ғасыр көшбасшысы» байқауының жеңімпазы атанып, тарих пәнінен республикалық олимпиаданың үш дүркін алтын медаль иегері болған.
Талапкерді ҰБТ-ға дайындаған JUZ40 білім беру орталығы ерекше жетістігі үшін оған теңдессіз сыйлық ұсынбақ. Түлекке бизнес-класс пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге ақшалай сыйақының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Сонымен қатар, орталық Нұрғанатқа жоғары оқу орнында оқитын төрт жыл бойы ай сайын 140 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлейді. Ал оның ата-анасына 3 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда ҰБТ-ның негізгі кезеңі 10 шілдеге дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар
05.07.2026
14:13
Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы 100 мл...
05.07.2026
13:08
Бекет ата мешітіне жолға шыққан бір отбасының ү...
05.07.2026
12:16
Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» ат...
05.07.2026
11:05
Оралда көпқабатты үйдің ауласынан нәрестенің мә...
05.07.2026
10:17
«Ирина Кайратовна» жобасының продюсері саясатқа...
05.07.2026
09:20
Шымкенттегі сұмдық қылмыс: Нұрайдың туыстары ма...