Үкім өзгеріссіз қалды: Блогер Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

22.09.2026 14:07 Мөлдір ҚАЙНАР
Үкім өзгеріссіз қалды: Блогер Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды
180
Фото: instagram.com/adiletkhan

Апелляциялық сот заңгер әрі танымал блогер Әділетхан Молдаханға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.

2026 жылғы 22 қыркүйекте өткен сот отырысында оның қорғаушылары мен жақындарының жазаны жеңілдету туралы берген апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Сот алқасы бірінші сатыдағы үкімді заңды әрі негізді деп тапты.

Бұған дейін Әділетхан Молдахан ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігі («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий