«Ұлымның артынан қалмады»: Шулы іске Шәріп Серіктің анасы араласты

«Ұлымның артынан қалмады»: Шулы іске Шәріп Серіктің анасы араласты
08.04.2025 18:18
0
121
Фото: Видеодан скрин

Бұрынғы сүйіктісіне қол көтергені үшін айыпталған актер Шәріп Серіктің анасы адвокат Гүлнар Мұратқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының кінәсіз екенін жазды. Оның айтуынша, Әлия Бутаева Шәріпке әдейі қастандық жасаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өзінің арам пиғылын алдын ала жоспарлады. Менің ұлым онымен қарым-қатынасын әлдеқашан үзсе де, ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Менің ұйықтап жатқан ұлымның пәтеріне қандай мақсатпен және қалай кірді? Ол сол күні арам пиғылын іска асырып, лифтідегі видеожазбаны заңсыз алды, әйтпесе ол үйде тұрмайды, дейді Шәріп Серіктің анасы. 

Егер актердің анасының жазбасына сүйенсек, оқиғаның барлығы Бутаева жариялаған күннен екі ай бұрын болған. 

Бетіне шапалақ тисе, неліктен сол күні - 8 ақпанда полиция шақырмады, сараптама жасатпады, арызданбады. Неге екі ай өткеннен кейін, яғни 4 сәуір күні полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Неліктен полиция бөлімінде қасындағылар «осылай айт» деп баламды видео жазуға мәжбүрледі? дейді анасы. 

Оның айтуынша, Бутаева екі жыл бойы оның ұлын пайдаланып, соның ақысына өмір сүріп келген. 

Ол екі жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып, әдемі киім киіп жүр? Ол әрдайым өз сөзінде елге танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, оқырман жинап алды. Ел-жұртқа «жалған айтып», жала жауып, ұлымды қаралады. Бәрі ұмытылады. Бірақ бір Аллам ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды. «Біреуге ор қазба, өзің сол орға түсерсің» деген, дейді Гүлнар Мұратқызы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий