Ұлынан айырылған әке емге деп жиналған 96 млн теңгені мұқтаж балаларға таратты
Еміне ел болып қаржы жиналған қазақстандық бала Әлтайырдың отбасы пайдаланылмай қалған қаражатты өзге науқас балаларға бағыттады. Бұл туралы баланың әкесі Данияр қайғылы оқиғадан кейін жеті күн өткен соң жариялаған бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Әкесінің айтуынша, Әлтайырдың еміне жиналған қаражаттың 96 миллион теңгесі жұмсалмай қалған. Отбасы бұл соманы емге мұқтаж өзге балаларға үлестіруді жөн көрген.
«Ұлымыздан айырылғанымызға жеті күн өтті. Емге жиналған қаражаттың ішінен 96 миллион теңге қалды. Сол ақшаны көмекке зәру балаларға бөліп бердік», – деді Данияр.
Оның мәліметінше, қаражат төмендегідей бөлінген: – Аяна Нұртаеваға – 45 миллион теңге;
– Алмаз Түсіпбекке – 25 миллион теңге;
– қалған бөлігі Дарья есімді қыздың еміне бағытталған.
Сөз соңында Әлтайырдың әкесі отбасы атынан барша қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы мен жанашырлығы үшін алғыс айтып, бұл көмектің ауыр кезеңде үлкен демеу болғанын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...