Ұлытау облысында қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды
659
Қар құрсауында қалған 8 адамға дер кезінде көмек көрсетілді
Ұлытау облысында құтқарушылар қарға батып қалған жеңіл автокөліктен 8 жолаушыны аман алып шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға «Ұлытау – Жезқазған» автожолында, Ұлытау ауылынан 35 шақырым жерде болған. Қарлы боран салдарынан жолда қалған көлік өздігінен қозғала алмай, ішінде отырған 8 адам көмекке мұқтаж болған.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері кәсіби әрекет етіп, автокөлікті қар құрсауынан шығарып, жолдың тазартылған бөлігіне жеткізді.Абырой болғанда, жолаушылардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Құтқару жұмыстары сәтті аяқталып, азаматтар сапарларын әрі қарай жалғастырды.
ТЖМ мамандары ауа райы қолайсыз кезде жолға шыққанда сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады